Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей өзара сауданың өзекті мәселелерін талқылады

Айдарбек Сапаров Мәскеудегі жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушевпен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты арттыру, қос ел арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Басагро.

Министр ауыл шаруашылығы саласында Ресеймен тығыз ынтымақтастыққа және бірлескен мәселелерді жедел шешуге ниетті екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанды Ресейдің мемлекеттік қолдау түрлері мен бағыттары бойынша тәжірибесі қызықтырады. Айдарбек Сапаров АӨК-дегі ақпараттық жүйелердің интеграциясына жеке тоқталды. Бұл ретте ҚР   Ауыл шаруашылығы министрлігі өздері әзірлеп жатқан «Өсімдік шаруашылығындағы қадағалаудың ақпараттық жүйесінде» пайдаланылатын астықты бақылау жобасына Ресейдің табысты тәжірибесін пайдаланбақ.

«Бұл бағыттағы ынтымақтастық алдағы уақытта екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әріптесттікке оң серпін береді деп ойлаймын», – деді министр.

Ол «ЕАСУ» АЖ-ның ақпараттық жүйелерін «Аргус-Фито» ФГИС және «Меркурий» ФГИС-пен (Россельхознадзор) интеграциялау біздің елдеріміздің экспорттық-импорттық әлеуетін толық көлемде пайдалануға, ветеринарлық-бақылау рәсімдерін жеңілдетуге және оңтайландыруға, шекараларда бақылаудан өту уақытын автоматтандыру және қысқарту, қажетсіз кедергілерді жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мұнан соң министрлер АӨК өнімдерінің өзара саудасын дамытуды талқылады: екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың тоғыз айында 2,6 млрд долларды құрады. Тауар айналымының құрылымы біркелкі емес, Қазақстанның Ресейден импорты экспорттан әлдеқайда асып түседі. Сондықтан Айдарбек Сапаров қазақстандық өнімді Ресей нарығында арттыруға, атап айтқанда, Қазақстан Республикасынан жөнелтілетін сиыр еті көлемін ұлғайтуға баса назар аударды. Өз кезегінде көрші елдің Ауыл шаруашылығы министрлі Дмитрий Патрушевті үшінші елдерден келетін сиыр етінің импортын қазақстандық өніммен алмастыру мүмкіндігін талқылауға шақырды.

«Телефон арқылы сөйлескенде біз Қазақстаннан Ресейге мал шаруашылығы өнімдерінің импортына аусыл ауруы бойынша қолданыстағы шектеулерді талқыладық, Стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында енгізілген шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қайта қарауды сұраймыз, бұл қазақстандық өнімнің Ресей Федерациясының нарығына жетуіне мүмкіндік береді», – деді Айдарбек Сапаров.

Кездесу соңында Айдарбек Сапаров пен Дмитрий Патрушев Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button