Жаңалықтар

Қазақстанда аусылға қарсы вакцинаны 2024 жылдан бастап шығару жоспарлануда

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев аусылға қарсы вакцина өндіру жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Basagro.kz

«Елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық биологиялық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі іс — шаралар шеңберінде әлемдік көшбасшы — «Берингер Ингельхайммен» OTARBIOPHARM жаңа зауытында аусылға қарсы отандық вакцина өндіру бойынша технологиялар трансферті бойынша жұмыс жүргізілуде, өндірісті іске қосу 2024 жылы жоспарлануда», — дейді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысының Францияға жұмыс сапары аясында OTARBIOPHARM базасында аусылға қарсы вакцина өндіру бойынша меморандумға қол қойды, 15 ақпанда зауытқа француз мамандары аудит жүргізіп, зауыттың вакцина өндірісіне сәйкестігіне жоғары баға берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым академиясының басшысы Күнсұлу Закария елімізде жаңа вакциналар өндірісі бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы айтып берді.

«Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ жанынан зауыт ашылды, онда бүгінде ауқымды зерттеулер, сондай-ақ тәжірибелік — өнеркәсіптік сынақтарды аудару және оларды құс тұмауы мен аусылға қарсы вакциналар бойынша өнеркәсіптік өндіріске масштабтау жүргізілуде», — дейді Күнсұлу Закария Астана халықаралық форумының аясында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button