Қазақстанда көкөністертің үлесі көбейеді
Фото: «Август-Қазақстан» ЖШС
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев соңғы жылдары көкөніс дақылдарының егіс алқаптарының ұлғаюы туралы айтты, деп хабарлайды Basagro.kz
«Соңғы үш жылда көкөніс дақылдарының егіс алқаптары 10,5 мың гектарға ұлғайды және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 169,7 мың гектарды құрады, оның ішінде сәбіз алқабы 1,0 мың гектарға, қияр — 2,1 мың гектарға, пияз — 4,5 мың гектарға ұлғайды. Егер 2019 жылы ол 260,5 ц/га болса, 2022 жылы — 271,4 ц/га жетті», — деді Ербол Қарашөкеев Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Көкөніс дақылдарының жалпы өнімі 653 мың тоннаға артып, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 4,8 млн тоннаны құрады. Сондай — ақ, пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдардың өндірісі 187,8 мың тоннаға, сәбіз — 17,2 мың тоннаға, қияр — 74,1 мың тоннаға, қызанақ-10,7 мың тоннаға ұлғайды.
«Картоп өндірісі бойынша да осындай жағдай. Соңғы үш жылда егіс алқаптары 7,6 мың гектарға ұлғайтылды және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 198,9 мың гектарды құрады, өнімділік 203,4 ц/га-дан 205,3 ц/га-ға дейін ұлғайды, жалпы алым 168,4 мың тоннаға ұлғайып, 4,1 млн тоннаны құрады.
Ағымдағы жылы облыс әкімдіктерінің мәліметінше, көкөніс дақылдары 173,5 мың га алқапқа орналастырылды. Картоп 197,6 мың га алқапқа себілді. Көкөніс дақылдары мен картоптың жалпы жиналуы ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп толықтырды министр.