Жаңалықтар

Қазақстанда жұмыртқа құс фабрикалары кеңейтіледі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов құс шаруашылығы саласын дамытуды қолдау туралы айтты, деп хабарлайды Basagro.kz

Фото: ашық ақпарат көзі

«Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру шеңберінде бұрын қолданыста болған норматив бойынша тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидиялауды қалпына келтіру мәселесі пысықталды. Сонымен қатар, республикалық бюджеттің шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты қазіргі уақытта тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл ретте, жұмыртқа саласын дамыту мақсатында асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы соңғы үлгідегі тәуліктік төлді сатып алуды субсидиялау түрінде сатып алынған бас үшін 60 теңге субсидия нормативімен қолдау көрсетіледі», — деді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша инвестициялық субсидиялау қағидалары шеңберінде жұмыртқа саласын дамыту үшін инвестициялық салымдар кезінде 2 бағыт бойынша субсидиялау көзделген:

— құс шаруашылығында бірінші және екінші ретті асыл тұқымды репродукторды құру және кеңейту;

— өндірістік қуаттылығы 50 млн жұмыртқадан асатын жұмыртқа құс фабрикаларын кеңейту.

Бұдан басқа, қуаттылығы тәулігіне 50 тонна құс тамшысын қайта өңдеуге арналған техника мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу көзделген. Аталған бағыттар бойынша инвестициялық салымдарды өтеу үшін 25% құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button