Жаңалықтар

Қазақстандықтар АӨК жобаларын құруға немесе дамытуға 2,5% несие ала алады

Қазақстандықтар ауыл шаруашылығында жобаларды құруға және дамытуға 2,5% несие алады. АӨК-ні кредиттеу қағидаларын ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеп ашық НҚА порталында талқыға салуда, деп хабарлайды Basagro.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фото: Ашық ақпарат көзі

Несиелер сүт-тауар өндірісі, ет құс фабрикасы, көкөніс сақтау қоймалары және су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы егіншіліктегі жобалар саласындағы кәсіпорындарды құру және кеңейту үшін қолжетімді болады.

Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылатын болады. Жергілікті атқарушы органдар 10 жыл мерзімге және жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% кредиттер береді. Әкімдіктер фермерлерге кредиттің ең жоғары сомасы 5 млрд теңгеге дейін және номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% — дан аспайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы кредит беретін болады.

Кредит беру бағдарламасына қатысу үшін салалық орындылық, азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын құру және ауыл халқының ынтымақтастығы ескерілетін болады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және ауыл шаруашылығы алқаптары мен техникасының болуы қажет.

АӨК Кредиттеу қағидаларының жобасына сілтеме танысу үшін қолжетімді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button