12,1 млн га пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлер 2022 жылдан бастап мемлекетке қайтарылды
Бұл жұмыс ҚР АШМ ЖҚК және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясымен бірлесіп жүргізілді, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Қажетті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 3,7 млн га аумақта жерді игеруге кірісті.
Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлердің 4,8 млн гектары бүгінгі күні қайта бөлінді.
Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясы республикалық комиссия ретінде қайта құрылды. Оның негізгі міндеті – жерлерді ауыл халқының қажеттіліктері үшін қайта бөлуге және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес, салық төлеуді, инвестиция тартуды және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесі пысықталуда.