Жаңалықтар

2024 жылы 470 мың га алқапта су үнемдеу технологиясы қолданылды

Былтыр су үнемдеу технологияларын қолдануға көшкен егістік алқаптардың көлемі 470 мың гектарға жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Сәйкесінше өнімділік артып, шаруалар қамбаны еселеп толтырды. Салалық министрлік бұл бағыттағы жұмыс қарқынын биыл да ұлғайтуға ниетті. Себебі жыл сайын 150 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу қажет. Мемлекет басшысы осындай тапсырма жүктеді.

Былтыр Қызылорда облысының шаруалары 4400 гектар егістікке су үнемдеу технологияларын енгізді. Оның ішінде 3200 гектар жерде тамшылатып, ал 1200 гектарында жаңбырлатып суару әдісі қолданылды. Бұл алқаптарда көбіне түрлі көкөніс, бақша дақылдары мен жоңышқа егіледі. Биыл да жоспар ауқымды. 9200 гектар егістікті су үнемдеу технологиясымен қамту көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button