ЖаңалықтарМақала

300 млн несие алу үшін 300 млн кепілдік: ауыл шаруашылығы неге дамымайды?

Қазақстанда тыңайтқыш өндірісі жоқ, ал шенеуніктер «шығарамын» деген адамның бетінен қағуда. Елордалық кәсіпкер Руслан Уббиниязов оған шикізат ретінде тамақ қалдықтарын пайдалануды жоспарлаған. Бұл екі қоянды бір оқпен ату дегенді білдіреді: бір жағынан қалдықтардан құтылады, екіншіден дайын гүлге арналған тыңайтқыш шығады.

Кәсіпкердің айтуынша отандық компост жасау үшін эксперименттер жүргізген. Ал оны кәсіпке айналдыруға елордалық әкімшілік талап отырған қажетті сомма шотында болмай тұр.

— Келесі жылы немесе бір жылдан соң арнайы бөшкелер шығаруды жоспарлаудамын. Қаншама ресторан, тойханалар еттен бастап барлық қалдық тамақты қоқысқа тастайды. Бұл ысырап. Отбасылар тастайтыны қаншама?! Осыдан гүлге арналған тыңайтқыштар шығарғым келеді. Бізде ондай өндіріс жоқ, барлығы импорт. Бұл ой маған қалай келді? Біздің нанға арналған контейнерлерге торт, ет сияқты асты да тастайды, — дейді кәсіпкер.

Бұған дейін жас бизнесмен Астана аулаларында нан қалдықтарын кәдеге жарату үшін арнайы жасыл түсті бөшкелер орнатыпты. Арнайы контейнерлерден алынған нан қоймада буып-түйіліп, артық қоқыстардан тазартылады. Ал гранулятор деп аталатын жерден қажетті дәрумендермен толықтырылған сиыр, қой, жылқы және балыққа арналған жем түйіршіктері шығады. Бір килограмының бағасы — 100 теңге.

-Халық бізді жоқ жерден ақша тауып отыр деп ойлайды. Қараңыз, бізде екі «Газель» жұмыс істейді, оның өз шығындары бар. Жүргізушілер, сұрыптаушылар және басқа да қызметкерлердің түскі тамағын өзіміз төлейміз, жалақыларын қосыңыз. Сондай-ақ, электр қуатына төлейміз, ғимарат жалға алуымыз қажет. Әр апта сайын өткізілетін сараптама да тегін емес.

Кәсіпкер бұл шаруасын ары қарай кеңейткісі келген, бірақ бюрократиялық кедергілер оған мүмкіндік бермейтін көрінеді.

-Жақында цех салу мақсатында әкімшілікке барып, жер телімін сұрадым. Сол кезде Астана әкімі болған Алай Күлгінов жерді бөлу туралы бұйрыққа қол қойды. Мен қажетті құжаттардың барлығын жинадым, бірақ шарт бойынша шотымда 300 млн теңгеден астам ақша тұруы керек екен. Қалтамда бұндай қаржы жатса әкімшіліктен көмек сұрайтын ба едім? Ондай ақшаны қайдан табамын?

Сондай-ақ, Руслан мұндай жем өндірісі әлемде теңдесі жоқ ерекше екенін айтады. Түрлі қиыншылықтардан өтіп, олар отандық өнімді арзан бағамен шығара бастаған.

— Бізде зертханалардың жабдықталуы өте нашар. Үй жануарларының диетасы дұрыс және теңдестірілген болуы үшін Сіз олардың тағамының қаншалықты құнарлы екенін білуіңіз керек. Майлар, әртүрлі минералдар, ақуыз және көмірсулар, су — бәрі жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан біз жемді өзіміз сынап, дәмін өзіміз көреміз. Сенесіз бе, мен осылай салмақ қостым.

Бұдан бөлек кәсіпкер қоқыс сұрыптау мәдениетінің жоқтығына және вандализм фактілеріне шағымданды.

-Бұл өндірісте адамдар ұзақ жұмыс істемейді. Нанды алам деп, пакетке қолыңызды салсаңыз, ал ол жерде пайдаланылған жөргек жатыр. «Тек нан үшін» деген жазуға қарамастан, бөшкелерімізге шыны, пластик және басқа да тұрмыстық заттарды тастайды. Жақында маған полицияға арыз түсті. Не үшін екенін білесіз бе? Ер адам көлігімен артқа беріп, біздің контейнерге соғылған. Кешірім сұраудың орнына, ол бізді резервуарларды дұрыс емес жерге қойдық деп айыптады. Өзім де бөшкелерді бүлдірген вандалдарды ұстап алдым, «неге?» десең үн жоқ.

Сондай-ақ, Руслан Уббиниязов тұрғындардың егеуқұйрықтар мен тышқандарға қатысты наразылықтарына жауап берді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ruslan Ubbiniyazov (@fortunakz01)

— Бөшкелер тышқандар шыға алмайтын арнайы бояумен боялған. Және барлық контейнерлерде арнайы тор бар, олар нанға жете алмайды. Қызметкерлер үш күнде бір рет қоқыс жинайды. Кез келген адам ішінде не барын көре алады. Сіз ол жерде егеуқұйрықты ешқашан таба алмайсыз.

Бұл кәсіптің ерекшелігі үш игі іске бағытталған: нан жерде қалмайды, отандық өнім шығады және жұмыс орны пайда болады. Қоғамнан керегі бір ғана нәрсе – еңбек адамына деген құрмет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button