Жаңалықтар

Қазақстан мен Вьетнам: ауыл шаруашылығы және сауда саласындағы ынтымақтастық

21 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Хошиминге ресми сапары кезінде екі ел арасында маңызды келісімге қол қойылды. Қазақстанның сауда және интеграция Вице-премьер – министрі Серік Жұманғарин мен Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиен 2023-2025 жылдар кезеңіне арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимылдың үкіметаралық жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Basagro.kz

Фото: ашық ақпарат көзі

Келісім сауда, инвестиция және ауыл шаруашылығын қоса алғанда, бірнеше негізгі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін вьетнамдық ауыл шаруашылығы технологияларының трансферттеріне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, елдер арасында жеткізілетін тауарлар ассортиментін кеңейту жоспарлануда, бұл сауда қызметінің алуан түрлілігіне ықпал етеді.

Ынтымақтастықтың перспективалы салаларының бірі арнайы экономикалық аймақтар мен стандарттау саласындағы өзара іс-қимыл болады. Бұл екі елге де экономикалық процестерді тиімді басқаруға және өнім сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екі ел арасындағы әріптестікті тереңдету және іс-қимылдарды үйлестіру үшін Қазақстан-Вьетнам іскерлік кеңесін құру жоспарлануда. Бұл кеңес бизнес-қауымдастықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді және ынтымақтастықтың ағымдағы және болашақ мәселелерін шешуді жеңілдетеді.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда динамикасы әсерлі. 2023 жылғы қаңтар-маусымда екі ел арасындағы тауар айналымы $610,9 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($174,7 млн) шамамен 3,5 есе көп. Қазақстаннан Вьетнамға Экспорт сол кезеңде 4,7 есеге өсіп, $116,6 млн-ға жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button