Жаңалықтар

Қазақстанда күріштің егістік алқаптары өсіріледі

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес, биылғы жылы болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болып, 23 млн гектардан астам аумақты құрайды, деп хабарлайды basagro.kz.

Астық-жемдік және жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту жоспарланып отыр. Алдын ала есеп бойынша кем дегенде 18 мың га қант қызылшасы егіледі. Көкөніс және бақша дақылдарының өсуі күтіліп отыр. Сондай-ақ, 9,9 мың гектарға күріштің егістік алқаптары өсіріледі.

Мемлекет өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады. Мәселен, 2023 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға жергілікті бюджеттерде 11,4 млрд теңге қарастырылған, бұл тұқым себудің жоғары пайызын 97% деңгейінде ұстауға мүмкіндік береді.

Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, биылғы қажеттілік 703 мың тоннаны құрайды.

Жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған, алайда бұл тыңайтқыштардың бағасының өсуін ескере отырып, фермерлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. АШМ әкімдіктерге бюджет қаражатының көлемін қажеттіліктерге қарай ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет деп есептейді.

Айта кетейік, фермерлер субсидиялауға өтінімдерді gosagro.kz жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы бере алады

Бұдан бөлек, штаб отырысында ЖЖМ қамтамасыз ету және көктемгі егіс науқанын техникалық қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Жалпы оған 141,7 мың трактор, 4,3 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешені, 73,2 мың сепкіш және 221,2 мың топырақ өңдеу құралдары қатысады деп жоспарланып отыр.

Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша, облыс әкімдіктеріне әлеуметтік маңызы бар дақылдар өндірісін ескере отырып, егіс алқаптарының болжамды құрылымын түзету және олардың өндірісіне ерекше бақылау жүргізу, сондай-ақ фермерлерді тұқыммен, ЖЖМ және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button