Берік Манасов АШМ комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Берік Жамбылұлы Манасов ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Берік Манасов 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2005 жылы жеке меншік ұйымда қаржылық талдаушы болып бастаған.
2007 жылы екінші деңгейдегі банкте ШОБ-ты несиелеу бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.
2007-2008 жылдары – «Abadan Investments» АҚ инвестицияларды орналастыру департаментінің менеджері.
2008-2013 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да түрлі қызметте болды.
2013-2014 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қазынашылық департаментінің бас менеджері, директоры.
2018 жылы – «ҚазАгроКепіл» АҚ Ішкі бақылау қызметінің бастығы.
2022-2023 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры болып қызмет етті.
2023 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.