Жаңалықтар
Trending

Үздік ветеринария саласының қызметкерлері марапатталды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ветеринария қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтті. Кәсіби мерекеге орай 234 ветеринария қызметкері мен ардагерге лайықты марапаттар табыс етілді.

«Ветеринария әрқашан ауыл шаруашылығының негізгі және маңызды бағыттарының бірі болған және мал шаруашылығының қызмет көрсету саласы болып қала береді. Ветеринар дәрігерлері жануарлардың да, адамның да денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін, елдің эпизоотиялық қолайлығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады», — деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин. Сала өкілдеріне ерен еңбегі, ветеринария қызметінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Үздіктерге ҚР Премьер-Министрінің, Ауыл шаруашылығы министрінің алғыс хаттары, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамоталары табыс етілді. Қызмет ардагерлеріне «Еңбек ардагері» төсбелгілері тапсырылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button