Жаңалықтар
Trending

122 мыңнан астам қазақстандық «TortTulik» мобильді қосымшасын пайдаланады

Ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасын ауыл шаруашылығы министрлігі «АӨК-дегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС-мен бірлесіп әзірледі және 2023 жылы пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Бүгінгі таңда ол қосымшаны 122 333 адам пайдаланады.

Қазіргі таңда «TortTulik» қосымшасын Түркістан облысының фермерлері көп пайдаланады. Олардың саны 28 881. Жетісу облысында – 24 034, Қызылорда облысында — 18232, Солтүстік Қазақстан облысында – 13026 пайдаланушы бар.

Қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелері — ШҚ, ЖШС, ЖҚШ мал басына түгендеу жүргізе алады, ветеринариялық паспорт ала алады, жоғалған кезде тегтерді ауыстыра алады, союдан кейін малды есептен алып тастай алады, малды бір ӘАОЖ ішінде сата алады және болашақта облыстар арасында мал сатып алу-сату рәсімдерін жасай алады, ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде іс-шаралар жүргізе алады.

Сондай-ақ, қосымшада сіз саланың соңғы жаңалықтарын біле аласыз, алдағы вакцинация туралы хабарлама ала аласыз және тағы басқа мүмкіндіктерін қолдануға болады.

«TortTulik» қосымшасын қазір Android Playmarket-тен жүктеуге болады, әзірлеушілер iOS-та смартфондарға арналған қосымшаны дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button