Қазақстаннан бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынбақ
Елімізден көлікпен бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігі ашық талқыға шығарған бұйрықта жазылған, деп хабарлайды basagro.kz.
Бұйрықта көліктің барлық түрлерімен: бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерімен (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710, 3403, 3811, 3826 00) қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, сұйық отынды (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 510 – 2710 19 680) қоспағанда, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі және жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) және көлемдерінің қажетті саны көрсетілген хат болған жағдайда, авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге төрт ай мерзімге тыйым салу ұсынылған.
Бұл ретте бұл авиаотын «мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен» кейін ғана және егер әкетушілерде осы жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт, сондай-ақ авиаотын үлгілері мен көлемдерінің қажетті санын дәл көрсете отырып хат болса ғана ерекшеліктерге жатқызылатын болады.
Талқылау 31 қаңтарға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды алты айға ұзартқаны белгілі болды, «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 20 қаңтардағы тиісті бұйрыққа Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, ІІМ және ҰҚК басшылары қол қойды.