Жаңалықтар

Абай облысында жаңа жұмыс орындары ашылуда

Аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін экономиканың түрлі салаларында жаңа жұмыс орындарын ашу шаралары жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Биыл 23 879 жаңа жұмыс орнын құу жоспарланып отыр. Бұл облыстағы жұмыссыздық деңгейін біршама төмендетуге мүмкіндік береді.

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының табысының артуына септігін тигізуде. Биыл жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау және дамыту мақсатында 211 жеңілдетілген несие беруге 1,056 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 280 жұмыс орны ашылды. Шағын және орта бизнесті қолдау аясында іске асыруға 105 млн теңге мемлекеттік гранттар қарастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу ісіне ерекше көңіл бөлінеді. Оңалту шараларының аясын кеңейту үшін Семей және Аягөз қалаларында әрқайсысы 150 орынға есептелген балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін екі орталықтың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай-ақ Семейде 18 жастан асқан адамдарға арналған 100 орындық психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме салу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button