Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа астықтың 46 пайызы форвардтық келісімшарт бойынша сатып алынды

Астықты қабылдау кәсіпорындарына жаңа егіннен 7,2 млн тонна астық келіп түсті. Оның 5,2 млн тоннасы – бидай. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды BasAgro.kz сайты. 

«Қазіргі уақытта лицензияланған элеваторлар 43% жүктелді. Элеваторлардың тәулік бойы жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа егіннен барлығы 7,2 млн тонна астық келіп түсті, оның 5,2 млн тоннасы – бидай. Жиналған астықтың қалған көлемі фермерлерде сақталуда. Нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында «Азық-түлік корпорациясы» фермерлерден астықты сатып алу шараларын қабылдауда», — деді вице-министр.

Биыл форвардтық келісімшарттар бойынша «Азық-түлік корпорациясы» 1,2 миллион тонна астық сатып алатын болады.

«Қазіргі уақытта 550 мың тонна немесе 46% астық сатып алынды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жаңа егіннің астығын тікелей сатып алу жүзеге асырылатын болады», — деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button