Жаңалықтар

Ұлытау облысында 172 000 гектардан астам жер қайтарылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылы Ұлытау облысы бойынша жалпы ауданы 170 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарланған болатын. Жерді қайтару жоспары орындалды: жалпы ауданы 172 мың 526 га учаскелер, оның ішінде егістік – 92 032 га, жайылым – 78 766 га, өзге жерлер -1 728 га., деп хабарлайды BasAgro.kz.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері облыс аумағында жер қатынастары саласында жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136, 338-баптарына сәйкес айыппұлдар салынып, мемлекет кірісіне 6,1 млн.теңге өндіріп алынды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button