Жаңалықтар

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі қайтыс болды

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі, бизнесмен,  «Бал-Ара» Қазақстан ұлттық омарташылар одағының басшысы Сергей Терещенко өмірден өтті, деп хабарлайды basagro.kz.

Сергей Терещенко 1991-1994 жылдары Қазақстан Үкіметін басқарған. Қиыр шығыста туып, Алматыда білім алған оның қызметтегі жолы кеңес дәуіріндегі Түркістан облысында басталды.

Украин ұлтының өкілі білетіндердің сөзінше өзін қазақ деп санаған. Марқұмның қайтыс болу себебін әзірге айтылмады.

Ол 1973 жылы Алматыда ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін Түлкібас ауданында еңбек жолын бастаған. Кейін бірнеше ауданда басшылық қызмет атқарып, бұрынғы Шымкент облысына жетекшілік еткен. Ол егемендік жылдары үкіметке жетекшілік етті.

Ол бұрынғы «Отан»партиясының алғашқы төрағасының міндетін болды. 1999-2002 жылдары партияға жетекшілік ете жүріп, оның мүшелері санын 300 мыңға жеткізгені айтылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button