Жаңалықтар

Ана тілі – жермен де, жүрекпен де байланысты

Елдің тілін дәріптеу – тек оқулықпен не заңмен шектеліп қалмауы керек. Мұны дәлелдейтін бастаманың бірі — Астанада жүзеге асқан жаңа фотозоналар. Табиғат аясында орналасқан, жүрек пен картаны бейнелеген алаң — жер мен тілдің ажырамас байланысын көрсететін ерекше нысан.

Қаладағы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қазақ тілін өмірдің бір бөлігі ету мақсатында елдік реңк беретін фотозоналар жасап шығарды. Олардың алғашқысы – Орталық саябақта. Жасыл желек ішінде тұрған көк түсті мини-павильондар алыстан-ақ көз тартады.

Саябаққа келушілер суретке түсіп, әлеуметтік желілерде бөлісіп жүр. Бұдан не аңғаруға болады? Қазақ тілі — тек ресми құжаттың тілі емес, күнделікті қарым-қатынастың, эмоцияның тіліне айналуы керек. Ал бұл бастама — соның алғашқы қадамы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button