Жаңалықтар
Павлодар мұнай-химия зауытында дизель өндірісі тоқтатылды
Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынының өндірісі уақытша тоқтатылды, — деп хабарлайды basagro.kz.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС меншігіндегі сутегі өндіру қондырғысынан ақау табылып, дизель отынының өндірісі уақытша тоқтады.
2023 жылғы 10 ақпанда сутегі өндірісінің көлемі төмендеп, технологиялық газды сутегі өндіру қондырғысының бу риформингінің пешіне тасымалдайтын құбырдың дәнекерлеу тігісінде табылған ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары басталды.
2023 жылғы 13 ақпанда жөндеу жұмыстары аяқталып, сутегі өндіру қондырғысында іске қосу шаралары басталды.
14 ақпанда дизель отынының өндірісі қайта басталады», — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram