Ақорданың жариялаған апталық кестесіне сәйкес, 14 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады.
Аталған жиын барысында еліміздің аграрлық саласын дамытудың ең өзекті мәселелері жан-жақты талқыланатын болады. Форумда аграрлық сектордағы жетістіктер мен алда тұрған міндеттерге назар аударылады деп күтілуде.



