Алматы облысында шамамен 454,9 мың гектар жерге егін егіледі
Биыл Алматы облысында шамамен 454,9 мың гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. Көбінесе бұл дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары және жемшөп дақылдары болады. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуінде алдағы егіс жұмыстары, сондай-ақ АӨК-нің дамуы туралы айтылды, деп хабарлайды basagro.kz.
Ербол Қарашөкеев «Кен-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға былтырғы жылдағыдай 140 млрд теңге қарастырылғанын, сондай-ақ 3200-ден астам тауар өндірушілерді қамтуды және 2 млн гектарға егіс пен егін жинауды қамтамасыз етуді көздеп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасады. Еліміздің фермерлері нарықтық бағадан 15% төмен бағамен төмен, жалпы көлемі 413 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын ала алады.
Айта кетейік, өткен жылы Алматы облысында 608,6 мың тонна дәнді дақыл мен 64,9 мың тонна майлы дақыл жиналды. Аймақ дәстүрлі түрде картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Былтырғы егін жинау науқаны 502,2 мың тонна картоп, 800,1 мың тонна көкөніс дақылдары, 61,6 мың тонна бақша дақылдарын жинаумен аяқталды.
Мемлекеттік қолдау туралы айта келе, Ербол Қарашөкеев ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны масштабтау шеңберінде биыл Алматы облысы ауыл тұрғындары үшін 600-ге жуық жеңілдікті шағын несие беру жоспарымен 2,3 млрд теңге алатынын атап өтті.
Сондай-ақ, СҚО-ның әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК-те инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша тәжірибесі қатар таратылатын болады. Алматы облысы бойынша пулға құны 36,8 млрд теңге болатын 13 жоба енгізілді. Бұл сүт фермалары, құс фабрикасы және суару жобалары. АШМ басшысы АӨК субсидиялау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы еске салды, оның шеңберінде тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық шағын түрі жойылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары өзгеріссіз қалады. Қазір субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасы мемлекеттік органдарда келісілуден өтіп жатыр және жақын арада бекітілетін болады.
Жер қатынастарын реттеу бойынша қыруар жұмыс істелді. Жер инспекциясының жұмысын күшейту есебінен 5,2 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде Алматы облысында 113,6 мың га бар. Бұл жерлер ауылдық елді мекендердегі мал жаю қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қайта бөлінеді, деп толықтырды министр.
Кездесу соңында министр саланың дамуына ерекше үлес қосқан фермерлерге құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарын табыстады. Алматы өңірінде «Әйгерім» шаруа қожалығының басшысы Ұлан Сарпеков, «Жазылбеков және К» КС басшысы Асқар Жазылбеков, сондай-ақ «Абықан» ШҚ басшысы Серік Абықанов марапаттарға ие болды.