Жаңалықтар
Тренд

Қазақстанның агроөнеркәсіптік өнімдерінің экспортын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері осы салада қазақстандық өнімдердің жекелеген түрлері бойынша экспортты ілгерілету жөніндегі Штаб отырысына қатысты.

Онда отандық өнімнің экспортын арттыруға және жеткізу бағыттарын кеңейтуге ықпал ететін негізгі мәселелер, жүк тасымалын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар, оның ішінде тарифтік саясат, өнімді жөнелту және логистикалық аспектілерге баса назар аударылды.
Экспорттаушылардың шығындарын өтеу тетіктеріне, қабылдаушы елдердегі рұқсат беру жүйесінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ өнімді Қытай Халық Республикасына жеткізу кезіндегі мемлекеттік реттеу мәселелеріне де көңіл бөлінді.

Отырысқа қатысушылар өзекті проблемалық сұрақтар жөнінде пікір алмасып, оларды шешудің ықтимал жолдарын ортаға салды. Диалог барысында қазақстандық агроөнеркәсіптік өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға және оның сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған алдағы іс-қимылдар келісілді.

Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара әріптестікті нығайту мен мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығы айтылды.

Барлық мүдделі тараптардың жүйелі әрі келісілген жұмысы экспорттық бағыттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің және қазақстандық агроөнеркәсіптік өнім экспортының географиясын кеңейтудің қажетті шарты екені назарға алынды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button