Жаңалықтар
Тренд

Қазақстан Gulfood 2026 халықаралық көрмесінде алғаш рет Ұлттық павильонды таныстырды

Дубай қаласында (БАӘ) әлемдегі ең ірі әрі беделдіазық түлік және сусындар өнеркәсібіне арналғанGulfood 2026 халықаралық көрмесі өтуде.

Қазақстан бұл жаһандық форумға алғаш рет бірыңғайҰлттық павильонмен қатысып отырБұл шикізаттықемес экспортты дамыту және отандық агроөнеркәсіпкешені өнімдерін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағыелдерінің басым нарықтарына ілгерілету жөніндегімемлекеттік саясат аясында ұйымдастырылды.

Ұлттық павильонды аралап көрген Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздіңкөрмеге қатысуының стратегиялық маңызынатоқталды.

«Gulfood 2026 көрмесіне қатысу – еліміздіңхалықаралық нарыққа сапалықауіпсіз әрі бәсекегеқабілетті агроазық-түлік өнімдерін сенімді жеткізушіболуға дайын екенін көрсететін маңызды қадамБұлалаң халықаралық дистрибьюторлар мен трейдерлермен тікелей B2B байланыстар орнатуғаТаяу Шығыс, Парсы шығанағы, Африка және ОңтүстікАзия нарықтарына қазақстандық өнімдердің экспортын кеңейтугеKazakhstan брендін ілгерілетугесондай-ақагроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвестициялар мен технологиялық серіктестер тартуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Әлемдік жетекші брендтермен бір алаңда 30 қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынып отырОнда экспортқа бағытталған 300-ден астам өнім атауыбар, оның ішінде дәнді дақылдар мен оларды тереңөңдеу өнімдеріұнет және сүт өнімдеріөсімдікмайлары мен май өнімдерісондай-ақ жоғарықосылған құны бар қайта өңделген өнімдер ұсынылғанОтандық өндірушілердің көпшілігі халықаралықаккредитациядан өткен және Halal стандарттарына сайкеледі. Олардың қатарында Baltic Control KazakhstanOlzha AgroAtameken AgroGreen VitaminQAYIP ATAжәне басқа да компаниялар бар.

«Қазақстанның көрмеге қатысуы республикалықбюджет қаражатынсыз ұйымдастырылдыяғни барлықшығынды компаниялардың өздері көтердіБұл бизнес саласының халықаралық нарықтарға дегенқызығушылығының жоғары екенін және экспорттықәлеуетті дамыту жолындағы стратегиялық көзқарасынайқын көрсетедіҚазақстан әріптестіккеинвестицияларға және бірлескен бастамаларға ашық», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Айта кетейікGulfood көрмесі жыл сайын әлемнің190-нан астам елінен мыңдаған компания мен кәсібикелушіні біріктіріпазық-түлік тауарларыныңхалықаралық саудасын дамытудағы негізгі платформа саналады.

Gulfood 2026 көрмесі 30 қаңтарға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button