Жаңалықтар
Trending

Абай облысында етті терең өңдейтін өнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталды

Өңірдің Жаңа Семей ауданында ет пен ет өнімдерін терең өңдейтін заманауи өнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталды, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Бұл жобаның маңыздылығы 2025 жылғы ақпанда өткен жұмысшы мамандықтар көрмесінде Мемлекет басшысы тарапынан ерекше атап өтілді. Жоба Абай облысын 2027 жылға дейін дамыту жоспарына енгізіліп, өңірлік және ұлттық деңгейде басымдық берілген бастама ретінде танылды.
Жоба бір ауысымда 35 тоннаға дейін сиыр, қой және жылқы етін өңдеуді көздейді. Жоғары сапалы шұжық, консерві, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндірісі жолға қойылады.

Сондай-ақ кәсіпорын былғары өнеркәсібіне арналған шикізат жеткізушісі болады. Осылайша, толыққанды өндірістік цикл құрып, өңірде агроиндустриялық экожүйе дамиды.

Экологиялық талаптарға ерекше мән берілген: қолданылатын технологиялар қалдықсыз өндірісті қамтамасыз етіп, барлық экологиялық стандарттарға сай келеді. Кешенге қажетті жабдықтар Австралия мен Еуропа елдерінен жеткізіледі.

Жобаның жалпы құны – 7,7 млрд теңге. Кешен іске қосылғаннан кейін шамамен 1000 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Қазіргі таңда кешенді іске қосуға дайындық аясында 7 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы құрылған. Сонымен қатар, 10 мың бас ірі қара малға арналған алаңның құрылысы бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде.

Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың тамызына жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button