Жаңалықтар

Абай облысында жануарлардың вирустық ауруларының алдын алу бойынша симуляциялық оқу-жаттығу өткізілді

Абай облысының Аягөз ауданында «Ауыл шаруашылығы жануарларында вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит және везикулярлық стоматит анықталған жағдайда шұғыл әрекет ету» тақырыбында симуляциялық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің үйлестіруімен өтті және қауіпті аурулар ошақтары пайда болған жағдайда ветеринариялық қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталды.

Іс-шараға облыстық және аудандық инспекциялардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, әкімдік, полиция, республикалық эпизоотиялық отряд және ветеринариялық зертханалардың өкілдері қатысты. Барлығы 34 маман және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Сценарий бойынша үш жануарда ауру белгілері шартты түрде анықталды. Осыған байланысты жануарларды тасымалдауға шектеу қойылып, диагностика, дезинфекция және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу барысында ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды, барлық қызметтердің дайындығы тексерілді. Нәтижесінде аудандық ветеринариялық қызметтің жедел әрекет ету дайындығы жоғары деңгейде деп бағаланды.

Мұндай шаралар ветеринариялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қауіпті аурулардың таралу қаупі туындаған жағдайда қызметтердің үйлесімді жұмысын жолға қоюға мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button