
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды өзекті мәселелер бойынша қабылдады.
Олардың қатарында қызыл кітапқа енген каспий итбалығының санын реттеу бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмысына қолдау көрсету, жер қатынастары бағытындағы маңызды сұрақтар көтерілді.
Министр әрбір өтініштер мен ұсыныстар бойынша егжей-тегжейлі жауап беріп, олардың барлығы мұқият пысықталып, назарда болатынын атап өтті.
Айта кетейік, ҚР АШМ басшылығы азаматтарды жеке мәселелер бойынша бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды.



