Жаңалықтар
Тренд

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, онда әртүрлі тақырыптағы өзекті мәселелер бойынша өтініштерді қарады.

Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытын мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық жобаларды іске асыру, жер қатынастары және тыңайтқыштарды субсидиялау мәселелері бар.

Министр өтініштер мен ұсыныстарға жан-жақты тоқтала келіп, олардың барлығы одан әрі мұқият пысықталатынын атап өтті.

Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша тұрақты қабылдау жүргізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button