Жаңалықтар
Айдарбек Сапаров жеке қабылдау өткізді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында 8 адамның өтініштері мен ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Негізгі көтерілген мәселелер – жер учаскелерін беру және пайдалану, сүт өнімдерін өңдеуді дамыту, жылыжай шаруашылықтарының жұмысы, сондай-ақ бордақылау алаңдарын мемлекеттік қолдау шаралары болды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері мен департаменттеріне келіп түскен өтініштерді жан-жақты қарап, қолданыстағы заңнама мен құзыреті аясында шаралар қабылдау тапсырылды.
Министрлік басшылығы азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіп келеді.