Жаңалықтар
Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен абай облысына барады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2023 жылдың желтоқсан айының 7 күні жұмыс сапарымен Абай облысына барады, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Сапар аясында АШМ басшысы халықпен кездесіп, АӨК саласындағы өңір үшін маңызды мәселелерді талқылайды. Бұдан бөлек, министр «Qazaq-Astyq Group» ЖШС мен «Приречное» агрофирмасы» ЖШС-де болады.
«Кездесу сағат 11:40-да «Приречное» агрофирмасы» ЖШС-де (Семей қаласы, Приречное ауылы, Школьная көшесі, 74) өтеді», — денілген хабарламада.