Жаңалықтар
Trending

Айдарбек Сапаров Меркі зауытында қант қызылшасын қабылдау және өңдеу барысын тексерді

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Меркі қант зауытында болып, онда қызылша қабылдау пунктінде егін қабылдау процесімен, сондай-ақ қантты өңдеу және өндіру технологиясымен танысты, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Биыл Жамбыл облысы қант қызылшасының бұрын — соңды болмаған 600 мың тоннадан астам өнімін күтүде. Меркі зауыты 450 мың тоннаға дейін қызылшаны қабылдауға және өңдеуге дайын.

Кәсіпорында жаңа егін жинау қыркүйек айында басталды. Кәсіпорында әкелінетін өнімнің үлкен көлеміне байланысты егінді қабылдау кезінде қиындықтар туындады, кезектер пайда болды. Мәжбүрлі ұзақ күту фермерлердің наразылығын тудырды.

АШМ мәселені шешу мақсатында Жамбыл облысымен бірлесіп, жағдайды шешуге бағытталған жедел шаралар қабылдады.

10 қазаннан бастап зауыттың қант қызылшасын қабылдаудың тәуліктік қуаты 4,5 мыңнан 5,9-6 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, өнімдер бекітілген кестеге сәйкес қабылданады.

Бүгін министр акционерлермен кездесті, жүргізушілермен келіссөздер жүргізді және фермерлердің қызылша жеткізілімдері реттелгеніне жеке көз жеткізді.

Айдарбек Сапаров сонымен қатар кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен өндіріс және өнім сапасын арттыру мәселелерін талқылап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға және өнім сапасын арттыруға көмектесетін заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button