Жаңалықтар

Алматы облысындағы екі құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

Алматы облысындағы екі құс фабрикасына қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды basagro.kz тілшісі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы қаңтар-қазан айларында Алматы облысы бойынша 1 санатты тауық жұмыртқасын бастапқы сату нарығын талдау қорытындысы бойынша «Алсад Қазақстан» ЖШС және «Сары-Бұлақ» ЖШС компаниясы іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы, атап айтқанда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар бөлігіндегі бағаларды белгілеуде және (немесе) қолдауда бұзу белгілері анықталды», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты Департамент серіктестіктердің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бар екендігі туралы хабарлама жіберді. Серіктестіктер хабарламаны орындамады, осыған байланысты жоғарыда аталған компанияларға қатысты Департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар тұрғысынан тергеу бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button