Жаңалықтар

Аманғали Бердалин жұмыс сапарымен Астрахан облысына барды

Мемлекет басшысының «Атырау бекіре балық шаруашылығы зауытын жаңарту» жобасының жобалық-смета құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Астрахан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Делегация құрамына балық шаруашылығы комитетінің, бизнес, ғылыми және жобалық ұйымдардың өкілдері кірді.Жұмыс бағдарламасы аясында делегация мүшелері «Главрыбвод» ФМБМ-ның «Лебяжий» бекіре балық шаруашылығы зауытының, «ВНИРО» ФМҒБМ-ның «Биос» аквакультурасының ғылыми-тәжірибелік кешенінің, «ГКФХ Джантуреев» жеке кәсіпкерлігінің бекіре шаруашылығының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар вице-министр Астрахан облысы үкіметінің төрағасының орынбасары К.А. Хадиковпен, «ВНИРО» ФМҒБМ-ның Еділ-Каспий филиалының (КаспНИРХ) басшысының орынбасары С.В. Шипулинмен кездесу өткізді.

Тараптар бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын жасанды көбейту және Атырау бекіре зауыты негізінде селекциялық-генетикалық орталық құруға көмектесу жөніндегі ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Ресей тарапы Каспий теңізі бассейнінің бекіре тұқымдас балықтарының генетикалық құрылымын бірлесіп зерттеу жөніндегі ынтымақтастықты қайта жандандыру мәселесін қарастыруға дайын екенін білдірді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button