Жаңалықтар
Ақмола облысында 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жері тәркіленді
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жер ресурстарын басқару департаментінің (ҚР АШМ ЖРБК) талабын қанағаттандырып, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жерін мәжбүрлеп қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Тексеру нәтижесінде Ерейментау ауданының Сілеті, Ақсуат және Қойтас ауылдық округтеріндегі, оның ішінде 4 747 га егістік пен 34 425 га жайылымдық жер мақсатты түрде пайдаланылмағаны анықталды. Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою үшін бір жыл уақыт берілгеніне қарамастан, ол қажетті шараларды қабылдамаған.
Апелляциялық инстанция шешімді өзгеріссіз қалдырды. Енді бұл жерлер тиімді пайдаланушыларға беріледі, ал олардың игерілуіне бақылау жалғасады.