Жаңалықтар

Ақтөбе облысында егістік алқабы 723 мың га құрайды

Ақтөбе облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Өңірде 723 мың га алқапқа егін егу жоспарланған, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 401,5 мың га, майлы дақылдар – 60,5 мың га, мал азығы дақылдары – 256,0 мың га, картоп – 2,8 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 2,5 мың га.

Егіс алқаптарын әртараптандыру аясында 2024 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар 13,4 мың га-ға, мал азығы дақылдары 36 мың га-ға ұлғаяды. Жалпы тұқым қажеттілігі 40,5 мың тоннаны құрайды. Тұқымдық материалды талдау сәуір айында аяқталады.

Көктемгі егіс науқанына 1,5 мың трактор, 100-ден астам егіс кешені, 1,4 мың сеялка мен топырақ өңдеу агрегаты жұмылдырылады.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 95%-ды құрайды, жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Егіс жұмыстарын жүргізу үшін 6,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Шаруа қожалықтарына арналған бағасы – 253 теңге/литр, бұл нарықтық бағадан 15%-ға арзан.

2025 жылы өңірде 46,2 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,2 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ақтөбе» ӘКК арқылы егіс науқанын 5% жылдық мөлшерлемемен қаржыландыру жүргізілуде. Қазіргі таңда 5,4 млрд теңгеге өтінім қабылданып, 4,5 млрд теңгесі мақұлданды. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button