АШМ аквашаруашылық пен асыл тұқымды балық өсіруді субсидиялау туралы бұйрық жобасын әзірледі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.
Аталған жоба аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған мемлекеттік қолдау тәртібін айқындайды.
Атап айтқанда, нормативтік құқықтық акті жобасында аквашаруашылық нысандарын өсіру кезінде пайдаланылатын жем-шөп сатып алуға кеткен шығындардың 30% өтеу, шабақтарды, жөндеу-ана тұқымды балықтарды, аквашаруашылықта қолданылатын препараттарды сатып алуға кеткен шығындардың 50% өтеу, сондай-ақ аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемелерді әзірлеуге кеткен шығындарды субсидиялау көзделген.
Аталған жобаны іске асыру өнімнің өзіндік құнын едәуір төмендетуге, саланың кәсіпорындарының экономикалық тұрақтылығын арттыруға және Қазақстанда аквашаруашылықтың тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Министрлік ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттарын қолдау мен дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда, бұл сапалы балық өнімдерін өндірудің тұрақтылығы мен өсуін қамтамасыз етеді.