Жаңалықтар
Trending

Астанада 22-24 қазан күндері «KazAgro/KazFarm-2024» көрмелері өтеді

22-24 қазан 2024 ж. «KazAgro/KazFarm-2024» көрмелері «неміс акцентімен» ұйымдастырылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы қорытынды көрмелері 2024 жылдың 22-24 қазанында Астана қаласындағы EXPO ХКО-да өтеді, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Ұйымдастырушы: «Expo Group» халықаралық көрме компаниясы.

Бұл ауқымды шара әлемнің 20 елінен агроөнеркәсіп кешенінің 250 үздік компаниясын бір шаңырақ астына жинап, 20 000 шаршы метр аумақты қамтиды.

Биылғы көрме ерекше форматта өтеді

ТМД аумағында алғаш рет ауыл шаруашылығы көрмелерінің ресми серіктесі ретінде Германия қатысады. 40 неміс компаниясы өздерінің заманауи өнімдері мен технологияларын таныстырып, беделді халықаралық сарапшылар маңызды тақырыптарды талқыға салады.

Сонымен қатар, неміс мәдениетінің ерекше бояуын көрсететін мәдени бағдарлама да күтілуде. Айта кетерлігі, Германия әлемдік ауыл шаруашылығы көрмелерінде серіктес ел ретінде өз тарихында бар болғаны екінші рет қатысуда. Бұл KazAgro/KazFarm көрмесінің беделінің жоғары екенін және «Expo Group «ХКК» компаниясымен ынтымақтастықтың тереңдігін айқын көрсетеді.

Дәстүр бойынша көрмелер саланың екі басты бағытына бөлінеді. Өсімдік шаруашылығына арналған KazAgro бөлімінде аграршыларға әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы әрі озық технологиялардың кең таңдауы көрсетіледі.

Мәселен, «Ростсельмаш» компаниясы жаңа дизайндағы «2400» тракторын және жоғары өнімді «T500» астық жинайтын комбайнын таныстырады. Көрме тұқым таңдаудан бастап өңдеу технологияларына дейінгі өндіріс үдерісін толық қамтиды.

KazFarm — мал шаруашылығына арналған тартымды әрі әсерлі экспозиция, технологиялардың алуан түрлілігін көрнекі түрде ұсынады. Бұл жерде табысты фермерлер бордақылау алаңдары мен сүт-тауар фермаларына арналған өнімдердің толық циклымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button