Астанада ауыл шаруашылығының Халықаралық мамандандырылған көрмесі басталды
Бүгін Астанада AgriTek\FarmTek Аstana2023 ауыл шаруашылығының 18-ші Халықаралық мамандандырылған көрмесі басталды, деп хабарлайды basagro.kz.
Көрме «UFI Approved Event» мәртебесіне ие болды, бұл шараның жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, олардың бизнестің дамуына және саланың қалыптасуына әсерін көрсетеді, сондай-ақ статистиканың дұрыстығын растайды.
Іс-шараға Қазақстан, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Дания, Израиль, Италия, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция және басқа елдерден 200-ден астам компания қатысады. Олар ауылшаруашылық техникасын, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайтқыш технологияларын, тұқымдарды, көшеттерді, өсімдіктерді қорғау құралдарын, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологияларды, мал азығын, ветеринарлық технологияларды және т. б. әкелді.