Жаңалықтар

Астанада Орталық Азиядағы ірі аграрлық көрмелер өтеді

19-21 қазан күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында KazAgro және KazFarm Халықаралық салалық іс-шаралары өтеді. Бұл Орталық Азиядағы ірі аграрлық көрмелер, сондай-ақ аграрлық саланың әлемдік инновацияларын таныстыруға арналған жетекші кәсіби алаң, деп хабарлайды Basagro.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Фото: ашық ақпарат көзі

KazAgro — тұқым селекциясынан бастап дайын өнім мен заманауи технологияларға дейін барлығын қамтитын өсімдік шаруашылығы көрмесі.

KazFarm эмбриондардан бастап дайын өнім мен сервиске дейін толық қамту тақырыбы бар мал шаруашылығы мен ет – сүт өнеркәсібінің көрмесі болып табылады.

«KazAgro/KazFarm-2023» іс-шарасы нарыққа жетекші әлемдік агроконцерндердің озық ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын, агроөнеркәсіптік кешен саласына аграрлық ғылымның соңғы жетістіктерін енгізуге ықпал ететін ауыл шаруашылығы секторын дамытуға арналған инновациялық технологиялар мен бағдарламаларды ұсынады.

Көрмелер Қазақстанда 14 жылдан астам уақыт бойы «Expo Group» халықаралық көрме компаниясымен өткізіліп келеді және жыл сайын әртүрлі елдерден 300-ге жуық агроөнеркәсіптік компанияларды тартады. Ағымдағы жылы әлемнің 20-дан астам елінен компаниялар мен ұйымдар қатысады деп күтілуде. Жалпы көрме алаңы шамамен 20 000 шаршы метрді құрайды.

Аграрлық көрмелер аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған министрлік конференциясы өткізіледі.

Көрмелердің ресми ашылуы 19 қазан күні сағат 11:00 — де өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button