Жаңалықтар

Атырау қаласында 26 субъектіге жерді заңсыз иеленгені үшін айыппұл салынды

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы 3,8 га құрады. Әкімшілік айыппұлдар 4,2 млн теңге көлемінде салынды.

Сондай-ақ, департамент бір жыл бұрын 60 га жер учаскесін иеленген «Ш» шаруа қожалығына осы учаскені мақсатты пайдалануға сәйкес игеру қажеттілігі туралы тапсырма берген болатын.

Тапсырма орындалмағандықтан, департаменттің сотқа жер учаскесін міндетті түрде тартып алу туралы талап-арызы ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес қанағаттандырылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button