Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы аграрлық банк құру жайында жауап берді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында аграрлық банк құру туралы сұраққа жауап берді. Депутат Марат Башимов жыл сайын көтеріліп келе жатқан, бірақ тиісті қолдау ала алмайтын бұл бастаманы қолдаудың болмау себептеріне қызығушылық танытты, деп хабарлайды basagro.kz

Фото: ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы ведомство аграрлық банк құру бастамасын қолдайтынын, бірақ ол ведомствоаралық комиссиядан қолдау таппайтынын айтты. Ол бұл мәселе тек олардың ведомствосымен ғана емес, басқа министрліктермен және ведомстволармен келісуді талап ететінін түсіндірді.

«Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыратын банк құру мәселесі бойынша біздің ұстанымымыз айқын. Біз осындай Банктің құрылуын қолдаймыз. Бұл мәселеге қатысты бізден басқа ведомстволар мен министрліктер бар. Алайда біз олармен ортақ келісімге келе алмаймыз. Сондықтан біз бұл мәселені анығына дейін жеткізе алмаймыз. Шын мәнінде, агроөнеркәсіптік банкті құру — бұл банкті құру ғана емес, ең алдымен несиелер мерзімін ұзарту және пайыздық мөлшерлемені төмендету мәселесі шешілуі керек. Тек банк құрып қана қоймай, пайыздық төлемді төмендетіп, 12-15 жылға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беру маңызды. Сонда ғана мұндай банкке қажеттілік болады», — деді Ербол Қарашөкеев.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button