2024 жылғы 17 қыркүйекте орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ШҚО тұрғындары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде — егін жинау жұмыстарын жүргізу және аймақтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралары.
Кездесу сағат 15.15-те «Темирлан и К» ЖШС алаңында, Глубоковский ауданы, Прапорщикова ауылында өтеді.
БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел. бойынша: +7 775 837 8519 – Асия Нурпейсова
Сондай-ақ, өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды temir.b.zh@minagri.gov.kz поштасына жіберуді сұраймыз.