Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы вице- министрі Алматы облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді

2026 жылғы 2 сәуірде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Алматы облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібіндегі мәселе – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қабылданған шаралар».
Кездесу сағат 10:30-да Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4, Алматы облысы әкімдігінің ғимараты, 4 зал, 1 қабат мекенжайында өтеді.
Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат телефоны: +7 (7172) 555-765 – Әсия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды келесі электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: targynova.k@minagri.gov.kz.



