Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
2025 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қостанай облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездеседі. Бұл кездесу орталық атқарушы органдардың тұрғындармен кездесулері аясында өтеді.
Күн тәртібінде — аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін қабылданған шаралар мен көктемгі дала жұмыстарына дайындық.
Кездесу сағат 10:00-де өтеді, мекенжайы: Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 114, «Атамекен» ҚР өңірлік кәсіпкерлер палатасы.
БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон: +7 775 837 8519 – Асия Нұрпейісова.
Аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: kadrinova.as@minagri.gov.kz.