Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығын субсидиялауда не өзгереді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Орталық коммуникациялар қызметінде берген баспасөз мәслихатында АӨК саласын күтіп тұрған өзгерістер туралы айтып берді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Президент Жолдауда берген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жедел түрде нақты шаралар әзірленді.

Атап айтқанда, келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаңа ережелер бойынша субсидия алатын болады.  Олар қазір арнайы құрылған жұмыс тобы аясында талқыланып жатыр. Негізгі өзгерістер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялау бағыттары мен түрлеріне қатысты болады.

«Мысалы, құрылыс-монтаж жұмыстарын субсидиялау бойынша 2 нұсқа қарастырылып отыр. Біріншісі – Антикордың ұсынысы бойынша ҚМЖ субсидиялаудан бас тарту және оның орнына жабдықты субсидиялау нормативтерін арттыру. Екінші жолы – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша алып тастап, ҚМЖ субсидиялаудан шығу», – деп атап өтті министр.

Өсімдік шаруашылығына келетін болсақ, қос бірдей субсидиялауды болдырмау үшін бірегей тұқым өндірісін субсидиялаудан бас тарту ұсынылады.

Жаңа сүт-тауар фермаларын салу кезінде инвестициялық субсидиялар нормативтерін әкімдіктерге қолданыстағы инвестициялық субсидиялау нормативтеріне 25% – ға құқық беру жолымен арттыру, жергілікті бюджет есебінен тағы да 25% – ға дейін қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр.

«Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу бағытында біз отандық және импорттық жануарлар үшін сүтті мал бойынша 300 мың теңге, етті мал бойынша 1 бас үшін 200 мың теңге деңгейінде бірыңғай нормативтер белгілейтін боламыз. Осылайша, асыл тұқымды мал өсірушілерге бәсекелестік үшін тең жағдай жасалады», – деді Ербол Қарашөкеев.

Етті құс шаруашылығын ынталандыру үшін жергілікті бюджет есебінен инвестициялық субсидиялау нормативтерін 25% – дан 50% – ға дейін көтеру ұсынылады.

Жемшөпті субсидиялау бойынша тек пішен мен кебекті және тек ТЖ басталған кезде немесе Қазгидромет растаған ауа-райының қолайсыз жағдайларында ғана субсидиялау ұсынысы енгізіледі.

Тағы бір жаңалықтың бірі мемлекеттік қолдау алушылар үшін қарсы міндеттемелерді енгізу болып табылады, бұл бөлінген субсидиялардың тиімділігін арттыру үшін қажет.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Жамбыл облысының үлгісі бойынша ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны масштабтау туралы да айтып берді.

АӨК дамыту бойынша ұлттық жоба аясында бағдарламаны қаржыландырудың үш жылдық көлемі 90 млрд теңге көлемінде қарастырылған.  Сонымен қатар, әкімдіктердің ақпаратына сәйкес бұл сома жеткіліксіз. Тек 2023 жылға қажеттілік 11 мыңнан астам ауыл тұрғындарын қамтумен 52,4 млрд теңгені құрайды, 2024-2025 жылдарға тағы да 140 млрд теңге қажет.  Министрлік қаржыландырудың толық көлемін бөлуге бюджеттік өтінім дайындады. Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бұл көлем 2023 жылға толық қолдау тапты. Соңғы екі жыл ішінде 2023 жылы бюджетті қалыптастыру кезінде қажеттілікті жабу жоспарланып отыр. Жоба жұмыссыздарды, жастарды несиелендіруге мүмкіндік береді, түптеп келгенде бұл ауыл тұрғындарын тұрақты қосымша табыспен қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға алып келеді.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары жалғасып жатқанын айта кеткен жөн. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2,7 млн га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 1077 жоспардан тыс тексеруді тіркеді, соның нәтижесінде 1,9 млн га алаңда 817 нұсқама енгізілді, 185,8 мың га алаң жер бойынша 138 материал сот органдарының қарауында жатыр. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін 1,5 млн га ауыл шаруашылығы жерін игеруге кірісті.

Бүгінгі таңда мемлекет пайдасына 3,8 млн га пайдаланылмайтын жер қайтарылды және 2023 жылдың соңына дейін тағы 10 млн га бойынша нақты шешімдер қабылданатын болады.

«Осы көлемді жұмысты орындау үшін жер инспекциясын қосымша 200 штаттық бірлік бөліп, нығайту, сондай – ақ пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімдердің жауапкершілігін күшейту қажет», – деп атап өтті министр.

Ербол Қарашөкеев сондай-ақ журналистерге көкөніс өнімдерінің бағасы туралы айтып берді. Қазіргі уақытта республика бойынша көкөністерді жаппай жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, кейбір өнім түрлері бойынша бағаның төмендегені байқалады, негізгі өндіруші өңірлерде пияз алқапта 30-50 теңгеге дейін, картоп 95-100 теңгеге дейін, сәбіз 85-100 теңгеге дейін және қырыққабат 50 теңгеге дейін арзандады.

Бағаның өсуіне жол бермеу үшін әкімдіктер келесі жылдың қысқы және көктемгі кезеңіне арналған қорлармен қамтамасыз ету үшін көкөністерді контрактілеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Жалпы, министрлік Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді орындау үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button