Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 43 млрд теңгеге облигацияларды өтеп, қарыздық жүктемені жоспарлы түрде азайтуда
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы 2025 жылғы 21 сәуірде 43 млрд теңге көлеміндегі, үш жылдық облигацияларын толық өтеуді сәтті жүзеге асырды. Төлемге облигациялардың номиналды құны – 40 млрд теңге және соңғы купондық табыс – 3 млрд теңге кірді. Бағалы қағаздар 2022 жылдың басында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін форвардтық сатып алу тетігі арқылы қаржыландыру бағдарламасы аясында орналастырылған болатын. Өтеу бекітілген кестеге қатаң сәйкес жүргізілді және бұл қадам Корпорацияның қарыз жүктемесінің құрылымын оңтайландыру жөніндегі стратегиялық жоспарының бөлігі болды, деп хабарлайды BasAgro.kz.
«Облигацияларды уақтылы өтеу біздің қаржылық тәртіптің жоғары стандарттарына және инвесторлардың алдындағы жауапкершілікке адалдығымызды растайды. Азық-түлік корпорациясы қор нарығындағы сенімді эмитент ретіндегі мәртебесін сақтап, қаржы қоғамдастығы арасындағы беделін нығайтып келеді», — деп түсіндірді Басқарушы директор – Басқарма мүшесі Ильдар Исмагулов.
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ инвесторлармен жұмыс істеуде ашықтық пен болжамдылықты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніне қолдауды қамтамасыз ете көрсете отырып, тұрақты даму стратегиясын ұстануды жалғастыруда.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ – мемлекеттік астық операторы. Азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылай қолдау көрсетеді, сондай-ақ астықты экспортқа жеткізумен айналысады.