«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Солтүстік Африка мен Мароккоға 300 мың тонна бидай экспорттайды
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Солтүстік Африка мен Мароккоға 300 мың тонна бидай экспорттайды, деп хабарлайды BasAgro.kz.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 3 және 4 санаттағы бидайды сыртқы нарықтарға шығарып жатыр. Бүгінгі таңда ұлттық астық операторы жалпы көлемі 200 мың тоннадан астам астық жеткізу бойынша келісімшарттар жасаған.
Сатылым географиясын кеңейту стратегиясы аясында Марокко мен Солтүстік Африка елдеріне астық жеткізу бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.
Ағымдағы маркетингтік маусымның соңына дейін бұл бағыттағы жөнелтілім көлемі 300 мың тоннадан асуы мүмкін.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ экспорттық саясаты өткізу нарықтарын әртараптандыруға және алыс шетел нарықтарындағы позицияларын нығайтуға бағытталған. Басты назарда — Еуропалық Одақ елдері, MENA аймағы (Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка), сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.
Компания келесі бағыттар бойынша астықты қосымша көлемде жедел жеткізуге дайын: Азов, Қара және Балтық теңіздері порттары арқылы; Ауғанстан, Иран, Әзербайжан, Грузия және Арменияға; Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне.
Жөнелтілімдер халықаралық сауда талаптарына сәйкес FOB, FCA, DAP және басқа шарттар бойынша жүзеге асырылады.