Бақтыбек Тоқашұлы Мұсабаев 1960 жылы 8 маусымда ҚХР-дың Шәуешек қаласында дүниеге келген. Бала кезінен ауыл шаруашылығымен айналысып, өмірін аграрлық сектордың дамуына арнады, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Еңбек жолын Үржар ауданы Ақжар ауылындағы «Қызыл тау бүркіттері» колхозында бастады, ал 1999 жылдан бері «Некрасовка и К» шаруа қожалығын басқарып келеді.
Бүгінде «Некрасовка и К» – 1400 гектар егістік жері бар, табысты ауыл шаруашылығы кәсіпорны. Заманауи агротехнологияларды қолданудың нәтижесінде астық дақылдарының өнімділігі гектарынан 25-30 центнер, майлы дақылдардікі 30-35 центнерді құрайды. Шаруашылық жаңғыртылып, машина-трактор паркі жаңартылған, 1000 тонна бидай сақтауға арналған қойма мен 500 бас ірі қара малға арналған кешен салынған.
2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің шешімімен шаруашылыққа жаздық бидай, арпа және жоңышқа тұқымдарын өндіру және сату жөніндегі тұқым шаруашылығы мәртебесі берілді. Бүгінде оның өнімі Үржар, Тарбағатай, Ақсуат және Аягөз аудандарында сұранысқа ие.
Бактыбек Мусабаев мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда шаруашылықта 400 бас ірі қара және 500 бас жылқы өсірілуде.
Кәсіпкерлік қызметінен бөлек, Бақтыбек Тоқашұлы қоғамдық өмірге де белсенді атсалысады. 2016 жылы 6-шы шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаты болып сайланды, қазіргі уақытта Абай облысы Үржар ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі. Еңбек жолындағы жетістіктері үшін бірнеше марапатқа ие болды.
Бақтыбек Тоқашұлы Мұсабаев – тек аграршыларға ғана емес, өз елінің дамуына білімін, тәжірибесін және кәсібіне деген адалдығын арнағысы келетін әрбір жанға үлгі боларлық тұлға.