Жаңалықтар

Берік Манасов АШМ комитетін басқарды

Берік Манасов ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Basagro.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фото: ҚР АШМ

«Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Берік Жамбылұлы Манасов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Берік Манасов 1985 жылы Шымкентте дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке ұйымда қаржы талдаушысы болып бастаған. 2007 жылы Екінші деңгейдегі банкте ШОБ несиелеу бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары — Abadan Investments АҚ инвестицияларды орналастыру департаментінің менеджері. 2008-2013 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2013-2014 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қазынашылық департаментінің бас менеджері, директоры лауазымында болды. 2018 жылы — «ҚазАгрогарант» АҚ ішкі бақылау қызметінің бастығы.

2022 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің директоры болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button