Жаңалықтар

Бидайды автомобиль және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салынады

Қазақстан ішкі ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға серпін бере отырып, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен бидай әкелуге уақытша шектеулер енгізеді, деп хабарлайды Basagro.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Фото: ашық ақпарат көзі

Қазақстан бидайды үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен әкелуге жарты жылдық тыйым салуды енгізуді, сондай-ақ бидайды автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салуды тағы 6 айға ұзартуды жоспарлап отыр. Бұйрықтың тиісті жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі. Құжатқа сәйкес бидайды теміржол көлігімен әкелу тек лицензияланған элеваторларға, астық өңдеушілерге және құс шаруашылығы кәсіпорындарына ғана мүмкін болады.

Жоба ҚР АШМ интернет-ресурсында және «ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14674607

Басқа жаңалықтар

Back to top button